Жұмыскер (Қарағанды облысы)
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Жұмыскер — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Тағылы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 47 км-дей жерде.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1007 | Үлгі:Құлдырау788 | Үлгі:Құлдырау667 | 84,6 | 412 | Үлгі:Құлдырау341 | 82,8 | 376 | Үлгі:Құлдырау326 | 86,7 |
Тарихы, шаруашылығы
Іргесі ұжымдастыру кезінде 1933 жылы қаланған. Округ аумағында 20 ғ-дың 1930-1960 жылдары аралығында Қызылту, Қарасаз, Абай ұжымшарлары ұйымдастырылған. 1960-1990 жылдары Октябрьдің 40 жылдығы атындағы кеңшардың және Тағылы ауылдық кенесінің орталығы болды. Жерінің жалпы ауданы — 500,0 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — етті мүйізді ірі қара өсіру, қосымша саласы – жылқы шаруашылығын өсіру.
Инфрақұрылымы
Округтің елді мекендерінде (Жұмыскер, Қойтас, Қызылту ауылдары) 4 мектеп, ФАП, клуб, кітапхана. Кеңшар негізінде 52 шаруа қожалығы құрылған (2006). Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Ақадыр т. ж. стансасы 60 км жерде.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>