Жіңішке көкнәр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Isländischer Mohn.jpg
Жәңішке көкнәр

Жіңішке көкнәр (Papaver tenellum) – көкнәрлер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Орталық Қазақстанның ұсақ шоқыларының шығыс бөлігінде, Қарқаралы тауларында, Кент және Қызыларай шоқыларында тасты, жартасты беткейлерінде, шалғынды жерлерде, көлеңкелі сайларда кездеседі. Биіктігі 30 см-дей, тықыр кейде сыртын ақ түк жауып жатады. Жапырақтары сағақты, гүлсидамынан 2-3 есе қысқа. Гүлсидамы жіңішке, түзу. Гүлшанағы домалақ, сирек қылтанды келеді. Гүлдері ақ немесе сары түсті. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі – домалақ қорапша. Жіңішке көкнәр – өте сирек кездесетін эндемик түр, жылдан-жылға таралу аймағы тарылуда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Тағы қараңыз

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub