Жекедісай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жекедісай – Ойыл алабында орналасқан өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км жерде, Қамыскөл көлінің шығысында жатыр. Ұзындығы 40 км.
Бастауы
Бастауын Ақшатау ауылының батысындағы бұлақтардан алып, Сарыбие ауылының оңтүстік-батысында Қамыскөл көліне жетпей сіңіп кетеді.
Гидрологиясы
Суы қарашада қатып, сәуірдің басында ери бастайды. Жайылмасында қыстаулар орналасқан. Мал шаруашылығына пайдаланылады.<ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>