Жекебай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жекебай, Жекебұлақ – Жыланды өзенінің оң саласы.
Географиялық орны
Ақмола облысы Сандықтау және Атбасар аудандары жерімен ағады.
Бастауы
Бастауын Солтүстік Қазақстан облысынан алып, Жыланды өзенінің саласы – Ащылы өзекке сол жағынан құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 50 км, су жиналатын алабы 1130 км2. Көпжылдық орташа су ағымының мөлшері 23,8 мил. м3. Батыс саласы – Ащылы (37 км). Карбонатты және сортаңдау қара топырағында бетегелі-қаулы әртүрлі астық тұқымдастары өскен. Қараша айының 1-онкүндігінде суы қатып, сәуір айының 2-онкүндігінде мұзы ериді. Шоңғалды жерлерде суы түбіне дейін қатады. Қар суымен толысады. Суы мал суаруға пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>