Жанғыштық
Жанғыштық— заттың жану процесін қолдауға бейімділігі. Жанғыштықғы бойынша заттар мынадай топтарға бөлінеді: 1) жанғыш (тұтандырғышты алғаннан кейін де жана беретін), мыс, ацетон, бензол, этанол, т.б.; 2) қиын жанатын (тұтандырғыш көзін алып тастағаннан кейін өздігінен жана алмайтын), мыс., 1, 1, 3-трихлорпропен, тетрахлорпропан, т.б.; 3) жанбайтын (тұтандырғыш көзі әсер ететін жерде тұрса да жанбайтын), мыс, металл тұздары, т.б. Заттың жанғыштықғы оның агрегаттық күйіне, ұнтақталу дәрежесіне, сондай-ақ, жүйе параметрлеріне (көбінесе, температура мен қысымға) байланысты. Бұйымның жанғыштықғы оның пішініне, өлшеміне және құрамындағы жанғыштығы әр түрлі заттардың өзара орналасуына байланысты.
Сілтемелер
Қазақ энциклопедиясы Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала