Жансәуле Әлиқызы Мақатова
Үлгі:Ғалым Жансәуле Әлиқызы Мақатова — педагогика ғылымының докторы (2000), профессор (2002).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1962 жылы 25 қыркүйекте Қызылорда облысы, Арал қаласында туған.
ҚазПИ-ді (1984, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), аспирантурасын (1992) бітірген.
1987-88 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) оқытушы, 1992-2002 жылдары Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті аға оқытушы, доцент, декан, университеттің екінші жоғары білім институтының ректоры, 2002-07 жылдары Чехияның Прага қаласында Карлов университетінің өкілі қызметтерін атқарды. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры (2007).
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – педагогика, педагогика тарихы, қосымша кәсіби білім беру жүйесі.
"Қазақстанда қосымша кәсіби білім беру жүйесінің дамуының теориясы мен тәжірибесі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>