Жанжабіл (дәмдеуіш)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жанжабіл — Аптекалық жанжабілдің тамыр сабағынан жасалған дәмдеуіштер. Аспаздықта және медицинада қолданылады.
Түрлері
Дайындау тәсіліне байланысты Жанжабілдің 2 түрі айқындалады:
- ақ жанжабіл — сыртқы қалың қабатынан тазаланған тамыр сабақтары;
- қара жанжабіл — тазартып өнделмеген тамыр сабақтары.
Қара жанжабілдің иісі күштірек, дәмі ащылау болады.
Химиялық құрамы
Құрғақ тамыр сабақтарында:
- Эфирлік майлары 1,5—3 %,
- цингиберен терпені — 70 %-ға дейін,
- камфен, цинеол, бисаболен, борнеол, цитраль, линалоол терпендер - аз мөлшерде
- аскорбин қышқылы, тиамин, рибофлавин дәрумендері
- аминоқышқылдар <ref>Блинова К. Ф.,Ботанико-фармакогностический словарь: Справ. пособие [1],М.,Высш. шк.,1990,191 бет,isbn=5-06-000085-0</ref>
Дәмдеуіштің ащы дәмін гингерол терпені береді.
Қолдануы
Аспаздықта дәмдеуіш ретінде көбіне жанжабілдің сұр-сары ұнтағын қолданады. Кондитерлік тағамдарға, ішімдіктерге, консервілегенде хош иістенгіш ретінде пайдаланады. Азия елдерінде суши және роллдардың қасына жеке түрінде беріледі, жанжабілдің бұл түрі гари деп аталады.
- Apfel-Chili-Chutney im Glas.jpg
- ChewyGingerCookies.jpg
- Ginger brulee tartlets.jpg
- HK Food 薑蔥炒蟹 Fried Crabs with Ginger n Spring Onion.JPG
- Korean ginger snack-Pyeongang-01-2.jpg
- Tiramisú de Te Verde con Jengibre (2931311988).jpg
Медицинада жанжабіл тамыр сабағы (Үлгі:Lang-la) қабынуға қарсы дәрі ретінде ауыз қуысын, тамықты шаю үшін қолданады. Шикізаттан тұнбалар, тұндырмалар жасалады.