Жамбыл ескерткіші (Тараз)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Монумент Жамбыл ескерткішіЖамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарына жататын монументті өнер туындысы.

Орналасқан жері

Тараз қаласы, Жамбыл Жабаев атындағы алаң.

Орнатылған кезеңі

Ескерткіш 1961 жылы қазақ халқының аңыз ақыны және халық шығармашьшығының үлкен өкілі, Жамбыл облысының тұрғыны Жамбыл Жабаевтың (1846-1945 жж.) 115 жылдығына орай орнатылған. Мүсінші – X. Наурызбаев, сәулетші – В. Сашенко.

Сипаты

Ақын ұлттық киімде, сол қолына домбыра ұстап тұрған күйінде кескінделген. Мүсін мыс араластырылған шойын қоспасынан құйылып, қола жалатылған. Қордайдың қызғылт гранитінен жасалған тақталармен қапталған төрт бұрышты биік тұғырға қойылған. Мүсіннің биіктігі – 4 м, тұғырының биіктігі – 4,33 м. Мүсін Ленинградта "Монумент Скульптура" зауытында құйылған, ал гранитті тұғыры жергілікті материалдан Алматыда жасалған. Беткі жағында "Жамбыл Жабаев. 1846-1945" жазбасы ойып жазылған, төменгі жағында күн тауынан көтеріліп келе жатқан бедерлі сурет бейнеленген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958</ref><ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері