Жамбас сүйек — адам аяғы мен
жануарлардың артқы аяғы жамбас белдеуінің
қаңқасы. Жамбас сүйек бір-бірімен сүйектене байланысқан мықын, шонданай және шат
сүйектерінен құралған. Осы сүйектердің өзара байланысқан жерінде, ортан жіліктің ұршық басымен буынды байланысатын ұршық шұңқыры болады. Оң және сол аяқтың жамбас сүйектері бір-бірімен өзара байланысып, шеміршекті жамбас жігін жасайды. Жамбас сүйектері құйымшақпен буынды байланысып, жамбас қуысының қабырғасын құрайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009.
ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:WikifyҮлгі:Stub
ca:Coxal
en:Hip bone
es:Coxal
fa:استخوان لگن
fi:Lonkkaluu
fr:Os coxal
io:Iliako
ja:寛骨
lt:Dubenkaulis
lv:Gūžas kauls
pt:Osso do quadril
sl:Kolčnica
uk:Тазова кістка