Жалаңаш аңғары
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Аңғар Жалаңаш аңғары – Іле Алатауының шығысында, Торайғыр, Қулықтау және Күнгей Алатауы аралығындағы аңғар.
Географиялық орны
Алматы облысының Райымбек ауданы жерінде орналасқан. Шарын, Шілік өзендері осы аңғармен өтеді.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1300 — 1500 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 80 — 90 км-ге созылып біртіндеп аласарады, ені 20 — 25 км. Палеоген мен неогеннің аллювий және делювий шөгінділерінің борпылдақ жыныстарынан түзілген. Жалаңаш аңғарының қызыл қоңыр топырағында жусан, бетеге аралас астық тұқымдасты шөптесіндер өседі.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>