Еңбексүйгіш қорымы
Еңбексүйгіш қорымы — қола дәуірінен сақталған көне зират-ескерткіш, Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Қарқаралы ауданы, Кент ауылының аумағында орналасқан.
Сипаты
Зиратта 60 бейіт бар. Ондағы ескерткіштердің сыртқы пішіні әр түрлі: айнала тас қоршаулары бар обалар, дөңгелек тас қоршаулар, жәшік тәрізді тас құрылыстар. Зиратта құрбандық шалуға арналған орындар бар. Дөңгелек қоршаулардың диаметрі 3-5 м. Өлген адамдар тас жәшіктер ішіне салып көмілген. Құрбандық шалу орындары ірі-ірі бөлшектермен межеленген. Олардың ішінен күл аралас топырақ, өлген адамның аруағына арнап құрбандыққа шалынған мал сүйектері табылды. Өліктің қасына өрнекті қыш ыдыстар қойылған. Қара ала бояулы ыдыстар да кездеседі.
Табылған заттар зиратта жерленгендердің отырықшы болғанын және мал шруашылығмен шұғылданғанын сипаттайды.<ref>Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. – 768 б.ІSВN 9965-26-175-Х</ref>