Есмағамбет Мекеұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Есмағамбет Мекеұлы (1894 – 1937) – ақын. Ескіше оқып, сауат ашқан Мекеұлы Маңғыстауда кеңес өкіметін орнатушылар қатарында өзінің өрелі жырларымен көзге түскен. Мекеұлы көптеген жиын-тойларда, салтанатты астарда айтыс пен жыр сайыстарына қатысқан. Оның «Ырзабек, Бурабек байларға», «Байбарақ байға», «Тауанға», т.б. өлеңдері қалың тыңдаушылар арасында ауыздан-ауызға жатталып, кеңінен таралған. Мекеұлының елді үлкен күйзеліске ұшыратқан 1927 жылғы «қоян» жұтына шығарған толғауы мен Тобаниязға арнау сөзі сақталған.<ref>«Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>