Есенгүл Кәпқызы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Есенгүл Кәпқызы – журналист, көркемсөзші, филология ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаяны
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлегі.
- 1994 жылы еларалық «Шалқар» газетінен бастап, кейіннен «Алтын бесік» журналында, Би-Би-Си радиосының Алматыдағы қазақ бөлімшесінде қызмет атқарған.
- 1998-2014 жылдар аралығында Еларалық «Түркістан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды, журналистер тобын басқарып, веб сайттың редакторы болды.
- 2004-2006 жылдары BBC-дің қазақ қызметінде фрилансер қызметін атқарды.
- 2008-2011 жылдары "Азаттық" радиосының "Қазақтар әлемде" хабарының жүргізушісі. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі тұңғыш интернет-газеті «Тарланға» басшылық етті.
- 2009 жылы "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы" қоғамдық қорының негізін қалаған, бүгінде «Мінбер» интернет-порталына жетекшілік етеді. "Мінбер" журналистерді қолдау орталығына жетекшілік ете жүріп, Қазақ журналистеріне арналған елуден астам тренинг, семинар, тағы басқа да журналистерге арналған іс-шаралар ұйымдастырған.
- 2009-2012 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде "Журналистік этика және құқық мәселелер" тақырыбында дәріс оқыды.
- 2014-2016 жылдары Сүлейман Демирель университетінің Филология және педагогика ғылымдары факультеті "Журналистика" кафедрасының меңгерушісі.
- 2016-2023 жылдары Сүлейман Демирель университетінің Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультеті Әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы
- 2023-2026 жылдары SDU университетінің Ассистент профессоры
- 2026- жылдан SDU университетінің Қауымдастырылған профессоры
- 2018 жылы Болашақ стипендиаты атанып, Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетінің International and Multimedia Journalism мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған.
"Медианет" халықаралық журналистика мектебі ұйымдастырған семинар-тренингтердің, Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы ұйымдастырған журналистік тренингтердің, Internews-Kazakhstan және "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған семинар-тренингтердің тренері.
Шығармалары
- 2007 жылы "Сөздің шыны" ("Ел шежіре" баспасы)
- 2010 жылы "Жалын" баспасынан "Жас толқын" сериясымен "Жырақта қалған тағдырлар" публицистикалық мақалалар жинағы
- 2013 жылы "Қазығұрт" баспасынан "Ой түбінде жатқан сөз" атты публицистикалық жинақтары жарық көрген.
- 2013 жылы "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы шығарған "Журналистік білім беру: инновациялар, жаңа технологиялар" оқу-әдістемелік құралының жалпы редакциясын басқарған.
- 2019 жылы Internews-Kazakhstan қоры ұйымдастырған "Медиасауат жөніндегі оқу құралы: жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған" әдістемелік оқулығының қазақтілді нұсқасын дайындауға қатысқан.
- 2020 жылы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырған «Бизнес журналистика» кітабының редакторы және телавторы.
Жетістіктері
- 2000 жылы ол «Сорос-Қазақстан» қорының «Баспасөз және миграция» номинациясы бойынша жүлделі орнына ие болды.
- 2003 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, 2004 жылы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін «Алғысымен» марапатталады.
- 2010 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының грантына, 2011 жылы "Даму" қоры ұйымдастырған "Үздік экономикалық мақалалар" конкурсының жеңімпазы.
- 2011 жылы "Нұр Отан" партиясының жыл сайынғы дәстүрлі "Нұр Сұңқар" сыйлығының иегері.
- 2013 жылы Сорос Қазақстан қорының "Анна Александрова" атындағы грантының иегері.
- 2016 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы» медалімен марапатталған.
- 2018 жылы Ақпарат саласының үздігі.
- 2018 жылы "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты.