Ертұғыр Есентайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ертұғыр Есентайұлы (19.8. 1932, Семей облысы, Абай ауданы, Мұқыр ауылы – 5.2.2002, Алматы) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1966), доцент (1970). Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің еңбек сіңірген қызметкері (1989). Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) институтын бітірген (1955). 1955 – 58 жылдары Семей облысы Көкпекті ауданы “Үлгілі малшыкеңшарында бас зоотехник, 1958 – 61 жылдары КазНИИЖ-дің аспиранты, 1962 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Есентайұлы Сарыарқа құйрықты ірі жүнді қой тұқымы авторларының бірі. 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 4 монография, авторлық куәлік пен патенттер бар. Көптеген медальдармен марапатталған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub