Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Ермахан.jpg
Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов
Ермахан Сағиұлы Ыбрайымов (1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы Тельман атындағы ауылында туған) - боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы. Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Ермахан Ыбрайымов Атлантада және Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның туұстаушы болды. Әкесі - Ыбрайымов Сағи (1937 жылы туған), фермер. Анасы - Ыбрайымова Жәмилә (1942 жылы туған), зейнеткер. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген (1999), заңгер.
- 1993 жылдан - «Iтаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы.
- 2003 жылдан - бокстан ҚР бас жаттықтырушысы.
- 2007 жылдан бері - «Олимпиадалық дайындық орталығы» РМК директоры. Әуесқой бокс федерациясының тұңғыш вице-президенті. Қазақстанның сан мәрте чемпионы; Әскер қатарындағылар арасындағы бірінші Бүкіләлемдік ойындардың чемпионы (Рим, 1995); Азия чемпионы (1995); XXVI Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы қола жүлдегері (Атланта, 1996); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Будапешт, 1997); Азия ойындарының чемпионы (1998); Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Хьюстон, 1999); XXVII Олимпиадалық ойындардың 71 кг дейінгі салмақтағы чемпионы (Сидней, 2000); халықаралық турнирлер жеңімпазы (Филиппин, 1994); (Галле, Бангкок, 1998). КСРО спорт шебері (1988). Халықаралық класстағы спорт шебері. ҚР бокстан Еңбек сіңірген спорт шебері (2000). ҚР бокстан Еңбeк сіңірген жаттықтырушысы. I дәрежелі «Барыс» (2000) орденімен; «Ерен еңбегі үшін» (1996) медалімен марапатталған. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2000). «Жыл спортшысы» номинациясы бойынша «Жыл адамы» атағын алған (2000).
Мазмұны
1995 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
| 75 кг | ||||||||||||||
| Кезең | Күні | Спортшы | Нәтижесі | Спортшы | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1/16 | 05.06.1995 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | 5:8 | Үлгі:Flagicon Zsolt Erdei | ||||||||||
Атлантадағы Олимпиада ойындары
| 71 кг | ||||||||||||||
| Кезең | Күні | Спортшы | Нәтижесі | Спортшы | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1/16 | 23.07.1996 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | 15:4 | Үлгі:Flagicon Nick Farrell | ||||||||||
| 1/8 | 27.07.1996 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | RSC 1 | Үлгі:Flagicon Hendrik Simangunsong | ||||||||||
| 1/4 | 31.07.1996 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | 19:9 | Үлгі:Flagicon Markus Beyer | ||||||||||
| 1/2 | 02.08.1996 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | 19:28 | Үлгі:Flagicon Alfredo Duvergel | ||||||||||
1997 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
| 71 кг | ||||||||||||||
| Кезең | Күні | Спортшы | Нәтижесі | Спортшы | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1/16 | 19.10.1997 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | 10:1 | Үлгі:Flagicon Ikrom Berdiev | ||||||||||
| 1/8 | 21.10.1997 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | RSC 1 | Үлгі:Flagicon Emil Krastev | ||||||||||
| 1/4 | 22.10.1997 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | RSC 4 | Үлгі:Flagicon Mohamed Hikal | ||||||||||
| 1/2 | 24.10.1997 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | RSCH 2 | Үлгі:Flagicon Ercument Aslan | ||||||||||
| Финал | 26.10.1997 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | 7:9 | Үлгі:Flagicon Alfredo Duvergel | ||||||||||
1999 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
| 71 кг | ||||||||||||||
| Кезең | Күні | Спортшы | Нәтижесі | Спортшы | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1/8 | 22.08.1999 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | RSC 1 | Үлгі:Flagicon Adnan Catic | ||||||||||
| 1/4 | 24.08.1999 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | 19:9 | Үлгі:Flagicon Claudio Perugino | ||||||||||
| 1/2 | 25.08.1999 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | 11:12 | Үлгі:Flagicon Jorge Gutierrez | ||||||||||
Сиднейдегі Олимпиада ойындары
| 71 кг | ||||||||||||||
| Кезең | Күні | Спортшы | Нәтижесі | Спортшы | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1/16 | 19.09.2000 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | RSCO 3 | Үлгі:Flagicon Youssif Massas | ||||||||||
| 1/8 | 23.09.2000 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | RSCO 3 | Үлгі:Flagicon Hely Yanez | ||||||||||
| 1/4 | 27.09.2000 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | 16:9 | Үлгі:Flagicon Juan Hernandez Sierra | ||||||||||
| 1/2 | 29.09.2000 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | RSCO 4 | Үлгі:Flagicon Jermain Taylor | ||||||||||
| Финал | 01.10.2000 | Үлгі:Flagicon Ермахан Ыбрайымов | 25:23 | Үлгі:Flagicon Marian Simion | ||||||||||
Әскери атағы - майоры. Хоббиі - туризм.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Санат:
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- Бокстан Олимпиада чемпиондары
- Қазақстан Олимпиада чемпиондары
- Қазақстан боксшылары
- 1972 жылы туғандар
- 2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары
- 1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері
- Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары
- Тұрар Рысқұлов ауданы
- Тұрар Рысқұлов ауданында туғандар