Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Әскери қайраткер Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев (14 тамыз 1962 жыл, Алматы) — қазақстандық бұрынғы әскери және мемлекеттік қайраткер, Ішкі істер министрі (2019–2022), Заң ғылымдарының кандидаты (2004), полиция генерал-лейтенанты.

Министрлігінен кейін Тұрғымбаев 2022 жылғы 25 ақпаннан 17 шілдеге дейін Қазақстан президентінің кеңесшісі болды,<ref>Үлгі:Cite web</ref> алайда Қаңтар оқиғасына байланысты айып көрген ол 2024 жылы шартты түрде 5 жылға сотталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Өмірбаяны

Шапырашты руынан шыққан.<ref>Новая Газета Казахстан - КЛАН — КЛАНЫ ВЫБИВАЕТ<</ref><ref>Новая Газета Казахстан - Пройти по черте</ref>

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1984) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша;
  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы және несие факультетін (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген.
  • Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Саран қалалық атқару комитетінің ішкі істер бөлімі қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастады.
  • 1986 жылдан бастап 2000 жылға дейін – Алатау және Калинин АІІБ-ның жедел-тергеу бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған.
  • 2000 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Тоғызыншы департаменті және Криминалдық полиция департаментінің бастығы.
  • 2003 жылғы сәуірден бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.
  • 2006 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы.
  • 2006 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.
  • 2012 жылғы желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
  • 12 ақпан 2019 жыл — 25 ақпан 2022 жыл — Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
  • 2022 жылғы 25 ақпаннан 17 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.<ref>Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы. www.akorda.kz Үлгі:Webarchive</ref><ref>Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды</ref>

Ғылыми еңбектері

Заң ғылымдарының кандидаты (2004). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Билік немесе қызмет өкілеттілігінің шегінен шыққаны үшін қылмыстық жауапкершілік».

  • «Билік немесе қызмет өкілеттілігінің шегінен шыққаны үшін қылмыстық жауапкершілік» монографиясының (2004), сондай-ақ 14 мақаланың авторы.

Марапаттары

  • І және II дәрежелі «Даңқ» орденінің толық кавалері;
  • II дәрежелі «Айбын» ордені;
  • I дәрежелі «Қайсар» белгісі;
  • «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі;
  • мерейтойлық және ведомстволық медальдар;
  • ҚР ІІМ Еңбек сіңірген қызметкері.

Шені

  • Полиция генерал-лейтенанты.

Отбасы

  • Әкесі - Тұрғымбаев Заманбек Есімбекұлы (1937 жылы туған), зейнеткер, ҚазКСР Министрлер кеңесі кабинетінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген. Анасы - Темірбекова Күлжамал Мұхтарқызы (1939 жылы туған), зейнеткер, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында жұмыс істеген.
  • Үйленген. Жұбайы - Рима Еренатқызы Жансараева, заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің доценті.
  • Ұлдары - Марлен, Марғұлан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті Үлгі:Асқар Маминнің министрлер кабинеті Үлгі:Суретсіз мақала