Ербол Абылайұлы Оспанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Ербол Абылайұлы Оспанов (9 маусым 1955, Өскемен, Қазақ КСР) — қазақстандық ұшқыш, әуе кемесінің командирі. Қазақстан Республикасы Президенті флотының бас ұшқышы (1992-2009).

Өмірбаяны

1955 жылы 9 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген.

Ұшқыш мансабын 1972 жылы Ресейдегі Краснокутск ұшу мектебінде кадет офицері ретінде бастады.

1985 жылы инженер-ұшқыш біліктілігін алып, Ленинградтағы Азаматтық авиация академиясының командалық бөлімін бітірді. 2002 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің заңгер мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1974 жылы Өскемен Біріккен авиациялық жасағының Ан-2 ұшағында екінші ұшқыш болып бастады.

1992-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Ту-154, Боинг-747, Боинг-767 ұшақтарында экипажының бас ұшқышы, директордың ұшуға қызмет көрсету жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басқармасы «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының Боинг-757, 767 командирі, бас ұшқышы, «Orient Eagle Airways» АҚ ұшу қауіпсіздігі инспекциясының басшысы<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2005-2018 жылдары — «Air Astana» АҚ вице-президенті болды.

2018-2020 жылдары — Boeing 757/767 «Air Astana» ұшағының командирі болды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер