Евгений Иванович Боярский

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Боярский Евгений Иванович (1929 жылы туған, қазіргі Павлодар облысы Шарбақты ауданы Богословка ауылы) — ғалым, филология ғылымдарының кандидаты (1966), доцент (1969). әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-н (1954), аспирантурасын (1964) бітірген. Шортанды орта мектебінде мұғалім (1949 — 51), Атырау педагогикалық институтында аға оқытушы (1954 — 60), «Қазақстан мұғалімі» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі (1960 — 64), Өскемен педагогикалық институты ректорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (1964 — 71), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры (1971 — 90) қызметтерін атқарған. Қазақ КСР Халыққа білім беру ісінің үздігі (1976), КСРО Оқу-ағарту ісінің үздігі (1979), КСРО Азаматтық қорғаныс ісінің үздігі (1980). Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub