Досымжан Сахуұлы Бержанов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Досымжан Сахуұлы Бержанов<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> (4 қаңтар 1950 жылы туған, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды ауылы) – техика ғылымының докторы (1996 ), профессор (1997).
- Қазақ химия-технология институтын бітірген (1973).
- 1973–81 жылдары Жамбыл «Химпром» өндірістік бірлестігінде ауысым бастығы, цехтың аға шебері, технологы, фосфор секторының жетекшісі, цех бастығы
- 1981 жылы Шымкент «Фосфор» өндірістік бірлестігінде аға шебер, Қазақ химия-технология институтының аға ғылыми қызметкері
- 1981–92 жылы Жамбыл «Химпром» өндірістік бірлестігінде ауысым, бөлімше бастығы, жетекші инженер-технолог, бас инженердің орынбасары, 1992–96 жылдары «Нодфос» өндіріс бірлестігінің бас инженері
- 1996–99 жылдары «Химпром» АҚ-ның бас инженері, «Қазфосфор» ААҚ-ның вице-президенті, «Нодфос» АҚ-ның президенті.
- «Научное обоснование, разработка и внедрение ресурсосберегающих и малоотходных технологий в фосфорном производстве» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
- 1999 жылдан «Химпром» АҚ-ның бас инженері 3 монография, 40-тан астам ғылыми мақаланың авторы, 15 авторлық куәліктер мен патенттердің иегері.
Дереккөздер
<references/>