Дистрофтық көл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Dystrophic lake in Bielawa nature reserve in Poland.JPG
Польшадағы дистрофтық көл

Дистрофтық көл (Үлгі:Lang-el - бұзылуды, жоғалтуды білдіретін қосымша және trophe — тамақ, тағам) — организмдерге керекті оттек пен қоректік заттары аз терең емес суқойма. Суының минералдығы аз, қышқылдығы жоғары, мөлдірлігі нашар, құрамында гуминдік заттар көп болғандықтан — сары немесе қоныр түсті болып келеді. Көбінесе шымтезекпен қапталған түбінде фитопланктон және түптік жануарлар кездеспейді. Дистрофтық көл тым батпақтанған аудандарда кездеседі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6</ref>

Суында органикалық заттар көптеп кездеседі. Ортаның белсенді реакциясы (рH) қышқылға қарай бағыт талған. Оттек жетіспеушілігі жазда айтарлықтай байқалады; оларда балық жоқ, гидробионттары негізінен мүктерден тұрады. Судың мөлдірлігі өте төмен, түсі сары, қошқыл немесе коңыр реңде болып келеді. Дистрофтық көл, әдетте, уақыт өте келе шымтезекке толып, батпаққа айналады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub