Дарқан дарын
«Дарқан дарын», жинақ. Әуезовтің 100 жылдығына байланысты Шымкенттегі «Жібек жолы» баспасы 1997 ж. шығарған. Мұхтар Әуезов туралы деректі естелік пен ғылыми-зерттеу мақалалар топтамасы. Авторы Г. Жарқынбекова-Смағұлова. Көлемі 12 баспа табақ, таралымы 1000 дана. Суреттері бар. Кітап екі бөлімнентұрады: 1-бөлім«Оңтүстік сапарлары»деп аталатын деректі естелік. Бұл автордың 1972 ж. «Жазушы» баспасынан шыққан «Жазушы сапарда жүр» атты естелік кітабының еңделіп, толықтырылған түрі. 2-бөлім «Ғылыми-зерттеу мақалалар» деп аталып, «Абай жолы» романындағы ұлттық салт-сана», «Өскен өркен» осылай туды», «Ұмытылмас құдіретті түлға», «Ұлы перзент туралы пікір», «Ұстаз бен шәкірт», «Кернекті сыншы-ғалым», «Өмірі өнегелі жандар» деген мақалалар енген.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8</ref>
Дереккөздер
<references/>