Данияр Бектұрұлы Үсенов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Данияр Бектұрұлы Үсенов (2 ақпан 2001 жыл<ref>https://www.transfermarkt.ru/daniyar-usenov/profil/spieler/656005</ref>) — қазақ футболшысы, "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық

"Каспий" клубының түлегі. 2016 жылы 15 жасында "Қайрат" академиясына ауысып, "Қайрат" жастар клубында ойнады. 2020 жылы негізгі құрамға қабылданды. Премьер лигадағы дебюті 7 наурызда "Таразға" қарсы өтті, бірінші тайм толық ойнады.

27 тамызда Еуропа лигасындағы дебют кездесуін Арменияның "Ноа" клубына қарсы өткізді, бұл кездесуде Данияр 74-минутта тыңнан қосылды.

18 қазанда "Жетісумен" ойынның 87-минутында алаңға шығып, соңғы секундтарда премьер лигадағы бірінші голын соқты. Бұл ойында қайраттықтар 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Халықаралық

2020 жылы 8 қазанда Солтүстік Македонияға қарсы ойында Қазақстан жастар құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын өткізді. Ойынның 40-минутында Акмаль Бахтияровтың орнына алаңға шықты. 50-минутта ескерту алды.

Жетістіктері

Қайрат

  • Қазақстан чемпионы: 2020

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер