Гүлмаржан Сәлімгерейқызы Махамбет
Үлгі:Тұлға Гүлмаржан Сәлімгерейқызы Махамбет (11 желтоқсан 1948 жыл, Қызылқоға ауданы, Гурьев облысы – 4 наурыз 2025, Атырау) — кеңестік және қазақстандық театр суретшісі, дизайнер, КСРО мен Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы.
Мазмұны
Өмірбаяны
Махамбет 1948 жылғы 11 желтоқсанда Атырау облысы Қызылқоға ауданының Қаракөл ауылында дүниеге келген. Руы — Ысық, Баймұрат бөлемі, Кіші жүз.
1968–1972 жылдары Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің театр факультетінде оқып, қоюшы-суретші мамандығын меңгерді.
Еңбек жолын 1972 жылы Махамбет атындағы Атырау қазақ драма театрында қоюшы-суретшісі ретінде бастап, кейін бас суретші қызметін атқарды.
1978 жылдан ол — Махамбет атындағы Атырау қазақ драма театрының бас суретшісі.
1992 жылдан ол — ұлттық киім үлгілерін тігу және көрсету бағытындағы «Гүлмаржан сән үйі» шығармашылық шеберханасының ұйымдастырушысы және жетекшісі.
1996–1998 жылдары ол - «Айбөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті.
2006 жылдан өмірінің соңына дейін ол Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрының бас суретшісі қызметін атқарды.<ref>https://atr.kz/madeniet/atyrau-galereyasy-saraishyk/?ysclid=mhiodxm1kd720263967</ref>
Шығармашылығы мен жетістіктері
Гүлмаржан Махамбет театр өнерінің дамуына, ұлттық киім мәдениетін жаңғырту мен сахналық бейнелеу өнерінің қалыптасуына зор үлес қосты. Ол қазақ халқының ұлттық костюмдерін зерттеп, олардың тарихи, көркемдік және рухани маңызын ашқан бірқатар ғылыми еңбектер мен монографиялардың, соның ішінде «Халық педагогикасы негіздеріндегі ұлт денсаулығы және ұрпақ тәрбиесінің психофизологиялық жаңа көзқарасы», «Халық тағылымындағы әсемдік үлгілері» еңбектері мен «Балалар тәрбиесінің жаңа бағыты» мақаласының авторы.
Суретшінің ұлттық бояуы мен колориті айқын көрініс тапқан туындылары өнер сүйер қауымның жоғары бағасына ие болды. Оның эскиздері мен сахналық костюмдері Қазақстанның көптеген театрларында пайдаланылды.<ref>https://pricom.kz/kultura/kulturaspasyotmir.html?ysclid=mhioskqh35839784793</ref>
Гүлмаржан Махамбет — 2007 жылы Эстонияның Таллин қаласында өткен халықаралық сән фестивалі «Max Moda-2007»-нің Гран-при иегері және сол жылы Беларусь Республикасының Минск қаласында өткен «Дивна» халықаралық сән фестивалінің І дәрежелі жүлдегері.
2008 жылы Астанада өткен «Алтын сапа» байқауына қатысты.<ref>https://www.caravan.kz/news/sokhranit-istoki-55570/?ysclid=mhioz90nsr250743163</ref>
1986 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі, 1987 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.<ref>https://shaimardan.kz/kk/suretshiler-d-gy/2-uncategorised/37-amanov-ambarbek-khasen-ly-12?ysclid=mhioc1ko8y643162700</ref>
Жеке өмірі мен отбасы
Әкесі — Сәлімгерей Есенғариев, Ұлы Отан соғысының ардагері, кеңшардың бас бухгалтері болған.
Анасы — Ағия Бекесқызы Есенғариева, ауылдық білім бөлімін басқарған, Қазақстан Республикасының ағарту ісінің үздігі.
Жолдасы — Оспан Махамбет.
Ұлы — Алмат Оспанұлы Махамбетов (1971 жылы туған), мәдениет қайраткері.
Марапаттары мен атақтары
1986 – КСРО Суретшілер одағының мүшесінің төсбелгісі.
1988 – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы.
1989 – «Еңбек ардагері» медалі.
2004 – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағы.
2007 – «Max Moda-2007» халықаралық фестивалінің Гран-при иегері (Таллин).
2007 – «Дивна» халықаралық сән фестивалінің І дәрежелі жүлдегері (Минск).
2021 жылғы 29 қарашада өткен Атырау облыстық мәслихатының сессиясында Гүлмаржан Сәлімгерейқызы Махамбетке «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Дереккөздер
Қолданылған әдебиет
- Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
- Қазақстан театр суретшілері
- Aлматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері
- Атырау облыстық академиялық драма театры тұлғалары
- КСРО суретшілері
- КСРО суретшілер одағы мүшелері
- Қазақстан суретшілер одағы мүшелері
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері
- Қазақстан мәдениет қайраткерлері
- Атырау облысының құрметті азаматтары