Галина Мәжитқызы Кәкенова
Үлгі:Ғалым Галина Мәжитқызы Кәкенова — тарих ғылымының докторы (2006), профессор (2011).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1958 жылы 31 тамызда Павлодар қаласында туған.
Қазақ ұлттық университетін бітірген (1983).
1983-96 жылдары Целиноград ауыл шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ агротехникалық зерттеу университеті) оқытушы, 1996-2000 жылдары Еуразия ұлттық университетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі, 2001 жылдан профессор қызметтерін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Қазақстанның ғылыми жəне шығармашылық интеллигенциясы тарихының тарихнамасы (1917-1991 жж.)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми бағыты: Қазақстанның тарихнамасы, Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының өзекті мəселелері, Халықаралық терроризмнің тарихы жəне эволюциясы.
90-нан астам ғылыми еңбектің, 1 монография, 1 оқулық, 4 оқу құралының авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>
Марапаттары
- "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" Мемлекеттік гранттың иегері (2008, 2020);
- "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" (2008);
- "Лев Гумилев" медалі (2018);
- "Еуразия университетіне 25 жыл" мерейтойлық медалі (2021).<ref>Кәкенова Галина Мәжитқызы.</ref>