Виктор Владимирович Радостовец
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Виктор Владимирович Радостовец - 1962 жылы 26 қазанда Алматы қаласында туған. 1983 жылы АХШИ-ды бітірген, экономист. Э.ғ.к. (1988), доцент.
- 1983-85 жылдары - ҚазКСР Геология министрлігі Қазақ тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының инженер-экономисі.
- 1985-92 жылдары - Қазақ экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері.
- 1992-94 жылдары - «Экономист» ғылыми-өндірістік бірлестігінің директоры.
- 1998 жылдан - «Центраудит-Қазақстан» тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШС директоры.
ҚР Аудиторлар палатасының құрметті мүшесі, Кеңес мүшесі. ҚР Салық кеңесшілері палатасының мүшесі. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» (1997), «Саудада есепті қалай жүргізу керек» (2001), «Бухгалтерлік есептің теориясы және салалық ерекшеліктері» (2000) және т.б. ғылыми кітаптардың авторы.
Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Жауапкершілік, көргенділік».
Іскер адамның бойындагы құнды қасиеттер: «Адалдық, жауапкершілік,ұқыптылық».<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
Дереккөздер
<References/>