Валентина Пайызқызы Кәрібжанова
Үлгі:Ғалым Валентина Пайызқызы Кәрібжанова — педагогика ғылымының докторы (2001).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1958 жылы 30 қаңтарда Ресей, Омбы қаласында туған.
Омбы педагогикалық институтын бітірген (1980).
1980-82 жылдары Омбы облысы, Шарбақкөл ауданы орта мектебінде мұғалім, 1982-86 жылдры қазіргі Қостанай облысы, Қарасу ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1986-87 жылдары Арқалық педагогикалық училищесінде, 1987-90 жылдары Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) оқытушы, 1990-2010 жылдары Алматы ұлттық педагогикалық университетінде (қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) аспирант, оқытушы қызметтерін атқарды. 2010 жылдан "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығында аға ғылыми қызметкер.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Педагогические основы взаимосвязи нравственного и экологического воспитания младших школьников" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
60-тан астам ғылыми еңбектің, 1 монографияның авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>