Вакуум өлшеуіш, вакуумметр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Вакуум өлшеуіш, вакуумметр (латынша: vacuum — бос қуыс, metron — өлшем)атмосфералық қысымнан төмен қысымды өлшейтін құрал. Вакуум сорғының су сорғыш келте құбырына орнатылады. Вакуум серіппелі және сұйықтықты болып бөлінеді: 1) сұйықтықты Вакуум қүрылымы жағынан әр алуан болады. Вакуумметрдің көп тарағаны V — бейнелі түтікше және тостақ тәріздісі. Вакууметрлер шкаласы көбінесе атмосфералық және абсолюттік қысымды тиісті сұйықтық бағанасы бойынша беретін вакууметрлік биіктіктің мәнін көрсетеді; 2) серіппелі Вакуум сұйыктық қысымын серпімді элементпен қабылдайды, ал оның деформациясы арнайы механизм арқылы, тиісті түрде градуирленген щеңберлі шкаланың алдындағы осьте айналып тұрған тіл көрсеткіші бойынша беріледі. Серпімді элементтердің түрі бойынша Вакуумметрлер: доға тәріздес құбырлы серіппе, бұрандалы құбырлы серіппе, тілімше серіппе, сифонды болып жіктеледі. Вакуум шкаласы атмосфералық кысымнан төмен қысымды көрсетеді. Вакуум циферблаты концентрлі және эксцентрлі шкалалы болып келеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub