Бөгет қырының ені
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Gordon Dam.jpg
Гордон көлдің бөгеті.
Бөгет қырының ені (Ширина гребня плотины) — бөгетті пайдалану жағдайына байланысты және жұмыс жағдайын есепке ала отырып белгіленетін шама; көбінесе бөгеттен көлік өту қажеттілігі есепке алынып белгіленеді. Бөгет қырының ең қысқа ені — 1,5-2 м. Бөгет өте төмен болған жағдайда, оның үстінен жол салынбайды, бірақ бөгет қыры мұз болады. Пайдаланылуына, механикалық түрде су алуына (сорғыш станциясы) байланысты жылжымалы бас тоған имаратының үш түрі сараланады:
- 1) жүзбелі — понтонға орналастырылған немесе басқа жүзбелі кұрылымды зәкірмен бекітілген түрі. Муны су деңгейінің тербелісі 5 м-ден артық болғанда және терендігі 1,5 м болған жағдайда пайдаланады. Мұндай бас тоған имаратының су алу қабілеттілігі 15 м3/сек артпайды;
- 2) жылжымалы — дөңгелекті арбашаларға орналастырылған (жылжымалы немесе өздігінен жүретін) түрі;
- 3) арнаулы платформаға орналастырылып, рельсті жолмен тегістелген өзен жағалауымен немесе эстакада арқылы жұмыс атқаратын фуникелярлы түрі. Тұрақты ашық бетті бас тоған имараты төрт типтен тұрады:
- каналдың бас сағасы реттелінбейтін, өздігінен ағатын, арнасы ауыспалы өзен үшін оны пайдалану кезінде су алу коэффициент 0,1 деп алынады;
- каналдың бас сағасын реттеуші құрылымды. Өзен жағасы мүжіліп-опырылғыш болса, ол қашықтау орналастырылады;
- жоғары және төменгі жағынан сумен толысатын және өздігінен тазаланатын шөміш түріндегі бас тоған;
- камералы типті суқабылдағыш түрі, сорғыш станциядан бөлек немесе бірге орналастырылады. Камера саны сорушы немесе өзі ағатын кұбыр желісімен бірдей етіп алынады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.</ref>
Тағы қараңыз
- Бөгет;
- Бөгет өзегі;
- Бөгет түрлері;
- Бөгет тісі;
- Бөгетсіз бас тоған;
- Бөгет имараттары;
- Бөгетті бас тоған;
- Бөгеттік су электр станциясы;
Дереккөздер
<references/>