Бұланды қорықшасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бұланды қорықшасы – республикалық маңызы бар зоологиялық қорықша. Солтүстік Қазақстан облысы. Еңбекшілдер ауданының жерінде 1971 жылы құрылған. Аумағы 3 мың га. Жер бедері – қыратты, жоталы жазық, кей жерінде аласа гранит жоталар да кездеседі. Жазық жерлердің көпшілік бөлігін қарағайлы орман алып жатыр, онда қайың, көктерек, жеміс-жидек бұталары өседі. Бұланды қорықшасында тұяқты сүтқоректілерден бұлан, марал, елік тіршілік етеді. Бұл өңірде ерте кездерде бұлан көп болған, соған байланысты «Бұланды» аталған.<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы II том</ref>
Дереккөздер
<references/>