Бұзық асар қалашығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Бұзық асар қалашығы (б.д.д. III- б.д. III ғғ.) – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан.

Зерттелуі мен сипаты

Теңіз деңгейінен биіктігі – 93 м. Ескерткішті өткен ғасырдың 40-жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) ашып, зерттеген, 70-жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Л.М. Левина) қайта зерттеген. 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) қайта зерттеп, географиялық координаттарын анықтады және суретке түсірді.
Тікбұрышты, аумағының өлшемдері – 9,3 га болатын қалашық атыс ойықтары мен сопақ пішінді мұнаралары (қорғаныс дәлізі жоқ) бар пахса блоктарынан тұрғызылған бекініс қабырғасымен қоршалған. Бекініс қабырғаларының ішінде, оңтүстігіндегі кішігірім үйді санамағанда, ешқандай құрылыс орны жоқ.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері