Біржан Оразов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мини-футболшы Біржан Арманұлы Оразов (17 қазан 1994 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген) — қазақ спортшысы, Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасы мен алматылық «Қайрат» футзал клубының ойыншысы. Футзалдағы амплуасы - қорғаушы <ref>Үлгі:Cite web</ref>. Оң аяқты әмбебап ойыншы.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ол футзалдағы өзінің шеберлігі мен жылдамдығымен танымал<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Өмірбаяны

Біржан Оразов 2015 жылдан бері Қазақстан құрамасы сапында ойнап келеді және көптеген халықаралық турнирлерде Қазақстан намысын қорғады<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Ол 2021 жылғы Футзалдан Әлем чемпионатына қатысты<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Біржан Оразов өзінің кәсіби мансабында бірнеше рет "Қайрат" футзал клубымен Қазақстанның чемпионы атанды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Ол "Қайрат" сапында Еуропа чемпиондары лигасында да да өнер көрсетті<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2022 жылы футзалдан Еуропа чемпионатында 7 гол соғып, чемпионаттың үздік сұрмергені ретінде танылды.

Біржан Оразов мектеп жылдары "сен ештеңеге қол жеткізбейсің" деген сөздерді жиі естігенін айтады, сондықтан өз армандары мен мақсаттарын ұстану керектігін айту үшін 2023 жылы жас жігіттерге арналған мотивациялық бейнеролик түсірді. Ол бала кезінде әкесімен бірге өмір сүрмей, анасы мен әпкесінің жанында өскенін, ал анасы жұмыс істеп, балаларын қамтамасыз еткенін атап өтті<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Оразовтың айтуынша, ол үлкен футболға қызығушылық танытқанымен, футзалға бет бұрды және алғашқы ақшасын колледжде оқып жүргенде тапты. Өзінің ең үлкен табысын құпия сақтап, бірақ анасы мен әпкесіне жақсы сыйлықтар жасап, жақында әйеліне Lexus RX 350 көлігін сыйға тартқанын айтты<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Қайрат

2024 жылғы футзалдан Әлем чемпионатынан кейін Қайрат командасының капитаны болды.

Ұлттық құрама

Біржан Оразов Қлттық құрама сапындағы тұңғыщ ойынын 2017 жылғы 6 ақпан күні Алматы қаласында Белоруссия құрамасымен өткен жолдастық кездесуде өткізді (0:1). Ұлттық құрамадаңы тұңғыш голы екі күннен кейін Белоруссия құрамасына салды (3:0)[<ref>http://kazfootball.kz/news/68419 Биржан Оразов - лучший бомбардир Чемпионата Европы 2022 года. 13 нояб. 2022, kazfootball.kz] </ref>

Биржан Оразов EURO-2022 турнирінің ең үздік сұрмергені атанды. 27 жастағы қорғаушы турнирде 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. <ref>Үлгі:Cite web</ref>

Өзбекстанда өткен 2024 жылғы Әлем чемпионатында топтық кезеңнің ең бірінші ойны Қазақстан мен Испания матчында Дуглас жуниордан пас алып 7-секундта гол соқты. Бұл гол 21-ғасырдағы ең жылдам соғылған гол ретінде тіркелді.

Жетістіктері

  • 2018 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалисі
  • 2021 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалисі
  • Студенттер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
  • 2022 жылғы Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені

Статистикасы

Команда Маусым/жыл Турнир Ойындар Голдар/Пас
Ұшқын-Искра 2013/14 Қазақстан чемпионаты 22 1
2015 RBK Қазақстан кубогы 2 0
Жетісу 2016 RBK Қазақстан кубогы 5 0
2016/17 Қазақстан чемпионаты 16 8
2017 RBK Қазақстан кубогы 9 2
2017/18 Қазақстан чемпионаты 26 17
Қазақстан 2016/17 Халықаралық жолдастық матчтар 2 1
2017/18 Еуропа чемпионаты 8 1
2017/18 Халықаралық жолдастық матчтар 1 0
2017 4 құрамалар турнирі (Тайланд) 3 1
2017 4 құрамалар турнирі (Иран) 3 0
2018/19 Халықаралық жолдастық матчтар 3 2
2019 Каспий кубогы 3 1
2020 Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі 5 1
2020/22 Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі 3 1
2021 Әлем чемпионаты 7 1
2021/22 Халықаралық жолдастық матчтар 4 3
2022 Еуропа чемпионаты 4 7
2024 Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі 8 7
Қайрат 2017/18 Еременко кубогы 3 1
2018 Қазақстан суперкубогы 1 0
2018 Қазақстан кубогы 7 2
2018/19 Чемпиондар лигасы 8 2
2018/19 Қазақстан чемпионаты 21 10
2019 Қазақстан суперкубогы 1 0
2019 Қазақстан кубогы 7 6
2019/20 Чемпиондар лигасы 6 1
2019/20 Қазақстан чемпионаты 15 12
2020 Қазақстан кубогы 5 3
2020/21 Чемпиондар лигасы 4 3
2020/21 Қазақстан чемпионаты 31 18
2021/22 Чемпиондар лигасы 6 1
2021/22 Қазақстан чемпионаты 30 13
2022 Қазақстан кубогы 5 2
2022/23 Чемпиондар лигасы 6 0
2022/23 Қазақстан суперкубогы 1 0
2022/23 Қазақстан чемпионаты 39 30
2023/24 Чемпиондар лигасы 6 1
2023/24 Қазақстан суперкубогы 1 0
2023/24 Қазақстан кубогы 5 2
2023/24 Қазақстан чемпионаты 10 1

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер