Бораннан малды қорғау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бораннан малды қорғау - боранды күнде қатарынан бірнеше күн соққан күшті желден малды қорғау, паналату. Ертеде мезгілсіз соққан бораннан малды ықтататын қолайлы орын болмаған жағдайда, киіз үйде отырған бақташылар жақын отырған екі киіз үйдің арасын ұзын бақанмен көлденең қосып, ұзын үш бақанның басын буып, тіреу жасап, оған туырлық киізді жауып, ықтасын қылып, қой-ешкіні паналатқан, кейде түйе, сиырды бірге қосып иірген.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>