Болғасын
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Болғасын (Балғасын), Майлысай – Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы өзен.
Бастауы
Мұғалжар тауының оңтүстігінде Шағырай үстіртінен басталып, Тебез көліне құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 73 км, су жиналатын алабы 1670 км2. Қар суымен толығады. Наурыз – сәуір айларында 15-20 күндей тасиды. Жылдық орташа су ағымы 0,5 л/с. Болғасынға жалпы ұзындығы 10 км-дей 38 сала құяды. Суы мал суаруға пайдаланылады.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>