Болат Жұмабекұлы Бақауов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Болат Жұмабекұлы Бақауов (27 маусым 1971 жыл, Павлодар облысы, Железин ауданы, Новокузьминка ауылы) — қазақстандық саяси қайраткер және Павлодар облысының бұрынғы әкімі (2016–2020).

Уақ тайпасынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref> Павлодар облысының әкімі болуынан бұрын ол Қашыр ауданы (2008–2011) және Ақсу (2011–2024) мен Павлодар (2014–2016) қалаларының әкімі болған.

2020 жылы Бақауов «билігін асыра пайдаланды» айыпымен қамауға алынып, сотталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2020 жылдың 27 мамырында сот нәтижесінде Болат Бақауов үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды<ref name="kazinform">Үлгі:Cite web</ref> және мемлекеттік қызметте және өзге де мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды.<ref name="sputnik">Үлгі:Cite web</ref>

Білімі

  • Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2003) «Заң ғылымдары» мамандығы бойынша;
  • Халықаралық бизнес, экономика және кәсіпорындарды басқару академиясын (2005) бітірген.

Өмірбаяны

  • 1988 жылдан - Павлодар облысы Железин ауданының «Кеңестік Қазақстан» кеңшары автогаражының жұмысшысы.
  • 1989 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1991 жылдан - Павлодар облысы Железин ауданының «Кеңестік Қазақстан» кеңшары автогаражының жүргізушісі.
  • 1993 жылдан - Павлодар облысы Железин ауданы «Әділет» шағын кәсіпорынының директоры.
  • 1996 жылдан - Павлодар облысы Железин ауданы «Бақауов» КШ жетекшісі.
  • 1998 жылдан - жеке кәсіпкер.
  • 2007 жылдан - «Толымбек» КШ ЖШС директоры.
  • 2008 жылдың 19 желтоқсанынан - Павлодар облысы Тереңкөл ауданының әкімі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
  • 2011 жылдың қазаны - 2014 жылдың сәуірі аралығында - ақсу қаласының әкімі.
  • 2016 жылғы 25 наурыздан - Павлодар облысының әкімі.

Бас бостандығынан айырылуы

Тексеріс барысында 200 миллион теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтару анықталды, Бақауовқа қарсы шыққан Рүстем Садуақасовтың айтуы бойынша Бақауов мемлекеттік қызметін пайдаланып, Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығынан тексерудің шынайы нәтижелерін жасыруды және анықталған салық төлеуден жалтару сомасын 5 миллион теңгеге дейін азайтуды талап ете бастады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

2020 жылдың 27 мамырында сот нәтижесінде Болат Бақауов үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды<ref name="kazinform"/> және мемлекеттік қызметте және өзге де мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды.<ref name="sputnik"/>

Марапаттары

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub