Бинг Кросби

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Музыкант Гарри Лиллис «Бинг» Кросби (Үлгі:Lang-en; Үлгі:Туғанкүні, Такома, ВашингтонҮлгі:Қайтысболғанкүні, Алькобендас, Испания) — америкалық әнші және актёр. Ол АҚШ тарихындағы ең табысты орындаушылардың бірі болып саналады.

Бинг Кросби — мультимедиа саласындағы алғашқы жұлдыздардың бірі және ХХ ғасырдағы әлем бойынша ең танымал әрі ықпалды музыка өнерпаздарының қатарына жатады.<ref>Үлгі:Cite book</ref> 1926–1977 жылдар аралығында ол үнтаспа саудасы, радиорейтингтер және кинокассалық түсімдер бойынша көш бастап, әлемдік деңгейдегі алғашқы мәдени иконалардың біріне айналды.<ref>Үлгі:Cite book</ref> Кросби 70-тен астам толықметражды фильмге түсіп, 1600-ден астам ән жаздырған.<ref name="Giddins2001">Үлгі:Cite book</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref name=bicrdha>Үлгі:Cite news</ref>

Ол «Өз жолыңмен жүру» (Going My Way) (1944) фильміндегі рөлі үшін «Үздік актер» номинациясында «Оскар» сыйлығын иеленді. Ол осы туындының жалғасы — «Әулие Мария қоңыраулары» (1945) фильмінде Ингрид Бергманмен бірге ойнап, тағы да сол номинацияға ұсынылды. Осылайша, ол кино тарихында бір кейіпкерді екі рет сомдағаны үшін номинация алған алғашқы актер атанды.

1944–1948 жылдар аралығында Кросби бес жыл қатарынан ең жоғары кассалық түсім әкелетін жұлдыздар тізімінде көш бастады. Оның танымалдылығы шарықтау шегіне жеткен 1946 жылы жылдың ең табысты бес фильмінің үшеуі («Әулие Мария қоңыраулары», «Көгілдір аспан» және «Утопияға жол») Кросбидің қатысуымен шықты.

1963 жылы ол алғашқы болып «Грэммидің» «Global Achievement Award» арнайы сыйлығымен марапатталды. Кросби — «Голливуд Даңқ аллеясында» бірден үш жұлдызы бар (кино, радио және дыбыс жазу салалары бойынша) санаулы тұлғаның бірі. Оның орындауындағы «White Christmas» Рождество мерекесіне арналған әні, әлемдегі ең көп сатылған сингл ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енген.<ref name="Giddins20012">Үлгі:Cite book</ref>

Әртүрлі дереккөздерге сүйенсек, Кросбидің таспаларының сатылым көрсеткіші 300 миллионнан<ref name="LLC1992">Үлгі:Cite book</ref> 500 миллионға<ref>Үлгі:Cite web</ref> дейін жетеді, тіпті кейбір мәліметтерде 1 миллиардтан асатыны айтылады.<ref>The New York Times. (1993). «Review Bing Crosby's 2 Lives: In Public and in Private».</ref><ref>America in the 20th Century . Cavendish.</ref> Бұл оны бүкіл музыка тарихындағы туындылары ең көп сатылған әншілердің біріне айналдырды. 1930-1940 жылдары Америкада сауда айналымын есептейтін бірыңғай рейтинг жүйесі болмағандықтан (әрі чарт құрастырушылардың есептеу әдістері жиі өзгеріп отырғандықтан), оның ұлттық хит-парадтарда көш бастаған әндерінің нақты санын анықтау да оңай емес (көбіне 38 туындысы туралы айтылады). Қалай болғанда да 1930-1940 жылдары (Фрэнк Синатраның жұлдызы жанғанға дейін) Кросби танымалдылығы мен жетістіктері жағынан америкалық басқа музыканттардың бәрінен де жоғары тұрды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Don Tyler. Music of the Postwar Era. New York: ABC-CLIO, 2008. ISBN 9780313341915. P. 209.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Үздік актер үшін Оскар сыйлығы