Берік Есенұлы Әбдірахманов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Медальдар
Берік Есенұлы Әбдірахманов (20 маусым 1986 жылы, Ақтау) — қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. 2013 жылғы Азия чемпионы. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиаданың қатысушысы.
Мансабы
Ақтауда Руслан Амалбековта бірге жаттығады.
APB рейтингіне сүйенсек, Қазақстанда бірінші болып 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама алғанымен<ref>Үлгі:Cite web</ref>, бірінші жекпе-жегінде америкалық Карлос Балдерастан жеңіліп қалды. Осыдан кейін ұлттық құрамадан кетуге шешім қабылдады. Бірақ 2017 жылы Қазақстан біріншілігін екінші рет жеңіп алып, ұлттық құрамаға қайта оралды.
Жетістіктері
- Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері – 2010 ж.
- Әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионы – 2010 ж.
- Қазақстанның екі дүркін чемпионы – 2012 және 2017 ж.
- Аммандағы (Иордания) Азия чемпионы – 2013 ж.
- Алматыда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері – 2013 ж.
- Галледе (Германия) өткен «Chemistry Cup» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері — 2014 ж.
- Астана қаласында өткен «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» IV халықаралық турнирінің жеңімпазы – 2014 ж.
- 2017 жылғы тамызда — Ахмат Қадыровты еске алуға арналған бокстан IX халықаралық турнирдің жеңімпазы (Грозный, Ресей).