Бейсен Абайұлы Құранбек
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тұлға Бейсен Құранбек (1971 жыл 9 желтоқсан Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылы — 2020 жыл 18 мамыр Талдықорған) — журналист, қоғам қайраткері, тележүргізуші. Қазақстан Ұлттық арнасындағы "Айтуға оңай" бағдарламасының жетекшісі әрі жүргізушісі. Алматы облысы Жетісу телеарнасының директоры. ҚР Мәдениет қайраткері. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері. Талдықорғанның құрметті азаматы (2017).
Толығырақ
- Бейсен Құранбек 1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Қаңлы тайпасының Қара қаңлы руынан шыққан.
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
- Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерінен бастаған. Ал қалған жылдарын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31-арна», «Хабар», Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.
- 2007 - 2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды.
- 2013 жылдан Қазақстан Ұлттық арнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі әрі жоба жетекшісі.
- 2014 жылдың қазан айынан 2020 жылға дейін Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды.
- 2020 жылы 18 мамырда қайтыс болды.<ref>https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/tanyimal-telejurgzush-beysen-kuranbek-kaytyis-boldyi-402551/</ref><ref>https://kaz.nur.kz/1856206-belgili-telezrgizusi-bejsen-kranbek-kajtys-boldy.html</ref>
Марапаттары
- 2006 - ҚР Президенті сыйлығының иегері
- Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты
- Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері
- "Жыл таңдауы" ұлттық сыйлығының иегері
- ҚР тұңғыш президенті - елбасының жеке алғыс хатымен марапатталған.
- 2015 - "Тіл жанашыры" құрметті атағымен марапатталған (2015 6 қараша Астана)
- 2015 - "Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл" мерекелік медалі
- 2016 - Елбасының жарлығымен мемлекеттік марапат "Ерен еңбегі үшін медалі" мен марапатталды.
- 2017 - Талдықорған қаласының құрметті азаматы атанды.