Бежінтау жотасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау

БежінтауЖетісу (Жоңғар) Алатауының шығыс бөлігіндегі жота. Қазақстан аумағындағы ең биік жері – 4098 м. Ұзындығы 100 км шамасында. Тоқсанбай мен Тышқантау жоталарының түйіскен жерінен басталып, шығысқа, Қытай аумағына қарай ұласады.

Жер бедері

Жотаның күнгей беткейі тік жарқабақты, қатты тілімденген, солтүстігі кертпештелген баспалдақ пішіндес. Баурайынан үлкенді-кішілі өзендер бастау алады. Ірілері: Көксу, Қорғас, Ортақсары. Жотада 50-дей мұздық бар.

Геологиялық құрылымы

Метаморфтанған кварцит, әктас, тақтатас, гранит жыныстарынан түзілген.

Топырағы, өсімдігі

Бежінтауда тауға тән альпілік және субальпілік шалғын шөп өскен шым топырақ қалыптасқан. Жотаның солтүстік беткейінде қарағайлы-шыршалы орман, ал 600 – 1300 м биіктікте (таулық-далалық белдеу) бұта аралас дала өсімдіктері өседі. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер