Баулық (тойнақ)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Баулық - түйменің, шытыраның жіп өткізіп қадауға арналған кішкене мыс шығыршығы, тойнағы. Түйменің, шытыраның баулық өз алдына шығыршық түрінде бөлек жасалып, әшекейге астынан дәнекерленіп бекітіледі. Ал бастырма, қажырма тәрізді бұйымдардың баулық олардың шетінде (жиегінде) де бола береді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>