Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры
Батыс Қазақстан Облыстық Қазақ Драма Театры - 1992 жылы маусымда қалалық, 1993 жылы желтоқсанда облыстық қазақ драма театры болып құрылған. Театр Мұхтар Әуезовтің “Қарагөз” қойылымымен шымылдық ашты. Одан кейінгі жылдары Қадыр Мырзалиевтің “Қасқыр қақпан”, Е. Домбаевтың “Айналайын ақ келін”, “Ғашықтық туралы баллада”, С. Балғабаевтың “Ең әдемі келіншек”, “Біз де ғашық болғанбыз”, М. Хасеновтің “Пай, пай, жас жұбайлар-ай”, С. Асылбековтің “Бір түнгі оқиға”, Ә. Оразбековтің “Бір түп алма ағашы”, т.б. шығармаларды қойды. М. Әуезовтің “Абай” (1995), “Еңлік — Кебек” (1996), “Айман — Шолпан” (1997) драмаларын сахнаға шығаруы жас өнер ұжымының шеберлігі шыңдалып, күрделі классикалық туындыларды игере бастағанын байқатты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify