Батырбек Асылбекұлы Әлжанов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тұлға Батырбек Асылбекұлы Әлжанов (8 наурыз 1964, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылында туған — 27 наурыз 2022) — қазақстандық қаржыгер, “ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы” РМК Бас директоры<ref>“ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы” РМК</ref>, Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының бұрынғы орынбасары.
Өмірбаяны
- 1986 жылы — Алматы шет тілдері педагогикалық институтын бітірген, неміс және ағылшын тілдерінің оқытушысы;
- 1997 жылы — Ресей Үкіметі жанындағы Қаржы академиясын бітірген, банк ісі;
- 1986–87 жж. — Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген;
- 1988–90 жж. — Шетелдік туризм жөніндегі мемлекеттік комитетінің Алматы бөлімшесінің туризм жөніндегі инспекторы;
- 1990–92 жж. — ҚазКСР телевидение және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, аға редакторы;
- 1992–96 жж. — ҚР Ұлттық банкінің экономисі, жетекші, бас экономисі, корреспонденттік қатынастар мен диллинг операциялары басқармасының бастығы, валюталық шоттар басқармасы бастығының орынбасары, корреспонденттік қатынастар мен халықаралық есеп айырысу басқармасының бастығы, шетелдік операциялар департаменті директорының орынбасары;
- 1996–97 жж. — «Тұранбанкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
- 1997–2005 жж. — ҚР Ұлттық банкінің шетелдік операциялар департаментінің директоры, монетарлық операциялар департаментінің директоры;
- 2005 жылдан 2011 жылдың 24 қаңтарына дейін — Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары;<ref>Батырбек Әлжанов Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды</ref>
- Соңғы қызметі: "ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы” РМК директоры.
Марапаттары
- ҚР Президентінің Алғыс хатын алған (2001);
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2001);
- «Ерен еңбегі үшін» медалі (2003);
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің еңбек сіңірген қызметкері» омырау белгісі (2003);<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
- «Парасат» ордені (2008);
- ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (16.12.2021);<ref>Альжанов Батырбек Асылбекович (персональная справка)Үлгі:Ref-ru online.zakon.kz</ref>