Базар асар қалашығы
Үлгі:Көне қалашық Базар асар қалашығы (б.д. VI-VIII ғғ.) – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 18 км, Жалпақасар қалашығынан солтүстік-батысқа қарай 8,2 км жерде орналасқан.
Зерттелуі мен сипаты
Теңіз деңгейінен биіктігі – 108 м. Ескерткішті өткен ғасырдың 50-жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) ашып, зерттеген, 70-жылдары Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (Л.М. Левина) қайта зерттеген. 2005 жылы ҚР ҰҒА АИ ШРАЭ (Ж. Құрманқұлов) қайта зерттеп, географиялық координаттарын анықтады және суретке түсірді.
Қалашық тікбұрышты (ромбқа ұқсас) болып келген, аумағының мөлшемдері 5,5 га. Ескерткіш атыс ойықтары мен сопақтау келген шығыңқы жиырма мұнарасы бар бекініс қабырғасымен қоршалған. Қам кесектерден тұрғызылған бекініс қабырғасының ішінде ешқандай құрылыстың ізі байқалмайды.
Қамал қабырғаларын зерттеу барысында табылған қыш ыдыстар және басқа да материалдар ескерткіштің фортификациялық құрылысының хроникалық шеңберін б.д. VI-VIII ғасырларына мерзімдейді.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>
Дереккөздер
Үлгі:Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері