Ақтөбе 1 (Күйіктік) қалажұрты

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Ақтөбе 1 (Күйіктік) қалажұртыТүркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген VIII-XIII ғасырларға жататын археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Отырар ауданы, Қоғам ауылының солтүстік-батысында 11 км жерде орналасқан.

Сипаты

1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (К.А. Ақышев) зерттеген.
Қала үш бөліктен тұрады. Қала қалдығы үш қабатты : цитадель, шаһристан және рабадтан тұрады. Цитадель шаһристанның ортасында орналасқан, көлемі 80×30 м, биіктігі 5,5 м. Шаһристан дөңгеленген пәс төбе болып қалған, оның диаметрі 200 м-дей, мұнаралы қабырғамен қоршалған. Шаһристанға батыс және солтүстік жағынан кіретін болған. Рабад шаһристанға оңтүстіктен жапсарласады. Оның орны көне каналдың бойына топтасқан биіктігі мен аумағы әртүрлі жайдақ төбе түрінде сақталған. Керамикасы асханалық көзелер, құмдар, су таситын құмыралар, дастархандар мен ошақтардың сынығынан тұрады. Сырлы керамикадан тостағандар, жайдақ және дискі тәріздес табанды кеселер бар. Шыңылтыры мөлдір, ақ ангобтың үстінен жағылған. Өрнектері қызыл, ашық қоңыр бояулармен жасалған. Өрнектері әдетте, орама гүлдерден тұрады.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы, Отырар ауданы, Алматы 2007</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер