Ақназар кесенесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Ақназар кесенесіҚызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ХІХ ғасырдың сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 35 км жерде, Қуаңдария өзенінің сол жағасында орналасқан.

Сипаты

Кесене қатар тұрған үш ескерткіштің ортаңғысы болып табылады, оларды жалпы "Үшназар" деп атайды (қалған кесенелер бауырлары – Бекназар мен Үшназарға арналған).
Кесене тікбұрышты қам кесектерден (8х17х34 см) тұрғызылған, екі камералы, күмбезді-бетше босағалы.
Жоспарында шаршы пішінді болып келген негізгі аумақ күмбез асты барабанындағы күмбезбен (бұзылған) жабылған, оңтүстік-батыстан тікбұрышты кіреберіс камера жалғанған. Аркалы кіребріс ойығы бар қабырға жабындының үстінде жалғасып пештак құрған.
Камераның шаршы пішінді негізінен күмбез шеңберіне өту қаландылардан шығарылған бұрыштық парустар арқылы іске асырылған. Олар күмбез асты барабанының деңгейіне дейін жақсы аңғарылады. Камераның артқы және бүйірлік қабырғаларының ортасына аркалы қуыстар салынған, барабан белдеуінде тесіктер бар (екі жағында бір-бірден). Камераның төменгі бөлігі (күмбездіңі төменгі бөлігіне дейін) сыланып, әктелген. Оларда қызыл бояумен салынған суреттердің іздері бар. Кіреберіс дәліз шаршы пішінді болып келген және күмбезбен жабылған.
Кесененің архитектурасы Қуаңдарияның төменгі ағысына тән кішігірім кіреберіс бөлігі бар күмбезді қабірхана стилін дамыта түседі. Ескерткішті 1986 жылы "Қазжобақалпынакелтіру" институтының экспедициясы зерттеген.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер