Ақажансай дария
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ақажансай дария – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Сырдария өзенінің тармағы, ескі құрғақ арна.
Гидрологиясы
Ұзындығы 72 км. Қар ерігенде ғана арнасымен су ағады. Осы аймақта болып тұратын күшті желдердің әсерінен Ақажансай дария арнасы бастапқы көрінісін мүлде өзгерткен. Табаны кең әрі тегіс, саяз. Арнасының басым көпшілік бөлігі үрінді құмға толған. Құм төбелер мен шағылдар тікелей арнаға тіреліп жатады.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref> Ақажан деген адамның есімімен аталған сайдағы дария мәніндегі атау.<ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023.</ref>