Ащылы (Сандықтау ауданы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ащылы – Жабай өзенінің сол саласы.
Географиялық орны
Ақмола облысы Сандықтау ауданы жерінде. Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 1060 км2.
Бастауы
Бастауын Ұлан ауылы тұсындағы өзектен алып, Атбасар ауданындағы Борисовка ауылынан жоғарыда Жабай өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Үлкенді-кішілі 22 саласы бар. Қар, жер асты суларымен толығады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>