Атымтайшағыл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Атымтайшағыл – Ақсу өзені жағасындағы құмды алқап. Алматы облысы Ақсу ауд-нда. Абсолютiк биіктігі 473 м. Батыстан оңт.-шығысқа қарай 30 км-ге, оңт-тен солт-ке қарай 18 км-ге созылып жатыр. Қырқалы төбешіктердің биікт. 2 – 20 м. Жер асты сулары 1 – 3 м тереңдікте. Құмында жусан, еркек шөп, теріскен, т.б. өсімдіктер бар. Өзен жайылмасында қамыс, құрақ, сораң өсімдік өседі. Көктемде, қыста мал жайылымдық.