Атбайлар қалашығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық
Атбайлар қалашығы (X-XII ғғ.) – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Географиялық орны

Талас ауданы, Бөлтірік шешен ауылынан солтүстік-батысқа қарай 17 км жерде орналасқан.

Зерттелуі

Алғаш 1898 жылы В.А. Каллаур тауып, зерттеген. 1983 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің Археологиялық Экспедициясы (жетекшісі М. Елеуов) жоспарын жасап, қорған қабырғаларын ашып, қазба жұмыстарын жүргізген.

Сипаты

Дүниенің төрт құбыласына бағытталған тік бұрышты, екі қатарлы алаң, көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 30 м, батыстан шығысқа қарай 21 м. Солтүстік алаңның биіктігі 2 м, оңтүстік алаңның биіктігі 3 м. Солтүстік алаңның шығыс жағында жасалған ұзындығы 6 м, ені 1 м, тереңдігі 2,5 м қазбада қорған қабырғасының қалыңдығы 5,5 м екені, оның биіктігі 0,5 м үйінді үстіне салынғаны анықталды. 21х5,5-10 м қазба жұмысында қалашықтың биіктеу оңтүстік алаңы толық аршылды.
Қазбадан алынған қыш ыдыстар – қолдан жасалған жай хумдар мен құмыралар сынығы.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер