Арқалық педагогикалық университеті
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті — Арқалық қаласында орналасқан мемлекеттік жоғары оқу орны.<ref>Қазақ телевизиясыЭнциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57</ref>
Тарихы
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің және ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 1972 жылдың 12 сәуіріндегі №220 қаулысына сәйкес Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты құрылды. 1977 жылы Ыбырай Алтынсарин есімі берілді.
1976 жылы Қазақстандағы білім-ғылым бағытындағы алғашқы Ы.Алтынсариннің ғылыми-педагогикалық мұражайы ашылды. «Ы.Алтынсарин мұражайының» ашылу салтанатына ақын, жазушы, Ы.Алтынсариннің ұрпағы М.Хәкімжанова қатысты.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Факультеттер
- Педагогика және филология факультеті
- Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті
- Тарих және өнер факультеті
Дереккөздер
<references/>