Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Анарбек Бақтығазұлы Қарашев (25 наурыз 1965, Семей) — қазақстандық дипломат, елші. II дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші.
Мазмұны
Өмірбаяны
1965 жылы 25 наурызда Семей қаласы, Үржар ауданы, Аксаковка ауылында (қазіргі Көлденең) дүниеге келді.
Білімі
1991 жылы Қазақ ұлттық университетін “заңгер” мамандығы бойынша тәмамдап, Германия Сыртқы істер министрлігінің жанындағы дипломатиялық білім алды.
Мансабы
- 1991—1992 — Қазақ ұлттық университетінде көмекші;
- 1992—1994 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы;
- 1994—1996 — Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің екінші, үшінші хатшысы;
- 1996—1997 — Қазақстан президенті әкімшілігінің бөлім меңгерушісі;
- 1997—1999 — Қазақстанның Аустриядағы Елшілігінің бірінші хатшысы;
- 1999—2001 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық шарттар департаментінің бастығы;
- 2001—2002 — Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- 2002—2003 — Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің кеңесшісі;
- 2003—2008 — Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы;
- 2008—2014 — Қазақстанның Чехия мен Словакиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2014—2018 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Үйленген, жұбайы Гауһар Мартайқызы Қарашева. 3 баласы бар — қызы Әсем (1991 туған) және ұлдары Мақсат (2002 туған) пен Бауыржан (2003 туған).
Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Қылмысы
2018 жылы 13 маусымда кәсіпкерлерден пара алған өзінің қарамағындағы қызметкерлерін жасырған және 10 млн теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2020 жылы қыркүйекте 2 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Мерзімінің аяқталуына 1 ай қалған кезде, яғни 2022 жылы тамызда толығымен ақталып шықты<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Марапаттары мен атақтары
- Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2003);
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005);
- Астанаға 10 жыл медалі(2008);<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Қазақстан президентінің алғысы (2010);
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011);<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Ерен еңбегі үшін медалі(2012).<ref>Үлгі:Cite web</ref>